Түркия Республикасының Нұр-Сұлтандағы жаңа тағайындалған елшісінің келуі
«Талғар аудандық жеке лицей интернат №1» жеке мекемесіне 2020 жылдың 21 қыркүйегінде Түркия Республикасының Нұр-Сұлтандағы жаңа тағайындалған елшісі Уфук Екичи мырза танысу мақсатымен қонақта болды. Онымен бірге Түркия Республикасының Алматы қаласындағы консулы — Али Риза Акынчы, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы білім саласының консулы-Махмут Аырман, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы сауда саласы бойынша консулы-Осман Бозтепе, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы дін бойынша консулы-Эмрулла Юзум, Алматы қаласының депутаты-Хусейн Касанов, сондай-ақ ДАТУБ құрылтайшысының көмекшілері Расим Кушалиев және Шахисмайыл Асиев келді.
Делегацияны лицей директоры Бадалова Дилдар Нидайқызы, директордың орынбасары Абдуллах Бозат, сондай-ақ лицейдің мұғалімдері мен қызметкерлері қарсы алды.
Лицеймен танысқаннан кейін қонақтарға лицей директорымен брифинг ұйымдастырылып, Түркия Республикасынан тағайындалған оқытушылармен қысқа кездесу өткізілді.
Қорытынды бөлімде делегация үшін дайындалған қысқа қарсы алу бағдарламасы болды. Бағдарламаның ашылу сөзін лицей директоры Бадалова Дилдар Нидайқызы жасады. Сондай-ақ бағдарламада Елші сөз сөйледі: Осы жерде жұмыс істеп жатқынына ризашылығын білдіртіп, осында болу, ол үшін үлкен мәртебе екендігін жеткізді. Сонымен қатар, Түркия мен Қазақстан мемлекеттерінің арасындағы байланыс лицей арқылы одан ары нығайып жатқанын айтып өтті. Қонақтар бұдан бұрын лицей туралы көп естігендері бар,бірақ бүгін осында келіп жасалған барлық жұмыстарды көріп таңғалып жатқандарын айтты. Қорытынды сөзінде лицей ұжымына алғысын білдірді. Елшінің сөзінен кейін лицей оқушылары түрікше және қазақша өлең оқып, қазақ ұлттық аспаптарымен ән шырқады. Бағдарлама соңында естелік суреттер жасалып,құрметті қонақтарды шағырып салдық.