Аудандық Семинар 20 Ақпан
«Білім беру мазмұнын жүйелі жаңатру жағдайында сапалы біліммен қамтамасыз ету»
«Жаңа формация мұғалімі — кәсіптік дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан , жаңалыққа жаны құмар, рухани дүниесі бай, шығармшылықпен жұмыс істейтін тұлға»
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектеп мұғалімдеріне арналған аудандық Ашық есік күні бағдарламасы
Семинар тақырыбы:
«Жаңартылған білім беру мазмұнын оқу үдерісіне енгізу»
Мақсаты:
Білім беру мазмұныны жаңарту жағдайында білім алушылардың оқу нәтижелерінің сапасын арттыру үшін қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану.
Міндеттері:
* Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушылардың бәсекелестік қабілеттерін дамыту;
*Әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау;
*Білім беру мазмұнын жаңарту арқылы оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру;
Күтілетін нәтиже:
Сапалы нәтижеге әкелетін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйренеді;
Пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетіледі;
Білім беру мазмұнын жаңарту арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелейді.
Мұғалім оқушы үнің, ойын және пікірін ескереді.
Өтілетін күні: 20 ақпан 2020 ж
Тіркеу уақыты: 9.00-9:30
Өтетін орны: «Талғар аудандық жеке лицей-интернаты №1» жеке мекемесі