13 ноября, 2024

Лицейдің Тарихы

Лицей 2011-2012 оқу жылында Алматы облысы Талғар ауданында «Талғар аудандық жеке лицей №1»болып жұмысын бастады. Лицей ТIKA (Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі) тарапынан салынып, Дүниежүзілік түрік Ахыска қауымдастығына (DATUB) берілді. Ол осы бірлестіктің құрамына кіретін «Жетім балаларға арналған білім беру қорының жанында» өз қызметін жүзеге асырады. Лицейдің ресми құрылтайшысы-Касанов Зиятдин Исмиханұлы. 1 маусым 2016 жылы лицейдің аты «Талғар аудандық жеке лицей-интернаты №1» болып өзгертілді және осы жылдан бастап Түркия Мемлекетінің Білім Министрлігі лицейге мұғалімдер жіберді. Қазіргі таңда, 29 Қазақстан мұғалімдермен бірге лицейде 8 Түркия Мемлекетінің мұғалімдері оқушыларға білім беруде.