8 декабря, 2024

«Талғар аудандық жеке лицей –интернаты №1 » жеке мекемесінде 20.02.2020 жылы «Жаңартылған білім мазмұнын оқу үдерісіне енгізу» тақырыбында аудандық семинар өтті.

0

     Семинарды  лицей  директоры Бадалова Дильдар Нидайқызы ашып  беріп, семинар  тақырыбы мен мақсатын  таныстырып, одан күтілетін нәтиже жайында айтты. Аудандық  мектептерден  келген мұғалімдерді  кіріктірілген  сабақтармен коучинг, тренинг, ашық  сабақтарға қатысу   барысы  туралы бағдарламамен  таныстырды. Семинар  соңында әрбір сабақтар  жеке-жеке талқыланды. Сабақтардағы кемшіліктер мен жетістіктер туралы  сабаққа  енген әріптестер  өз пікірлерін айтты.  Аудан мектептерінен 35 әдістеме ісі жөніндегі орынбасарлар және аудандық білім бөлімінің әдіскер меңгерушісі  Гульзира Карауыловна ашық сабақтарға қатысып, сабақтардың өте жоғары деңгейде өтілгендігі туралы айтып өтті.

География  пәнінен 11 «а» сыныбымен «Канада» тақырыбымен  Мирзаев Э.А., және «Строение и гигиена органов зрения» тақырыбында   8а сыныбымен биология пәнінің мұғалімі Рашидова З.А., «Великие географические открытия» тақырыбымен  6 «В» сыныбымен тарих пәнінің мұғалімі  Касымова Г.А., «Reportej speech» тақырыбымен  9«В» сыныбымен ағылшын пәнінің мұғалімі  Байрамов М.А.,  «Сonstruction of robot ,motions  of robot and codes Robototeknik kabinetince» тақырыбымен  робототехника пәнінің мұғалімі  Э.Юджель 9 «А» сыныбымен, «Антонимдер-синонимдер» тақырыбымен  түрік тілі пәнінен  8 «А» сыныбымен Б.Чимшек ашық сабақтарды өте жоғары деңгейде өтіп шықты. Лицей психологы Бекдайыр Айзат келген қонақтарға психологиялық тренинг жүргізіп, келген қонақтардың көңілін көтеріп көптеген сауалнамалар жүргізді.  Семинар бағдарламаға сәйкес, мақсат міндетін айқындай отырып  жүргізілді. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай  қазіргі мемлекетіміздің білім саласы  ұстаздар қауымына үлкен күш артатыны  бәрімізге  мәлім. Ұстаздардың өз ісін өнер деңгейіне жеткізуге, кәсіби сауаттылығын шыңдауға ұйтқы болатын әдістемелік жұмыстың қажеттілігі бүгінгі таңда ерекше орын алып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *